"ТОҒЫЗ АЙҒА 9 ІС-ШАРА" тұжырымдамасы бойынша "Шахмат ойнау" челленджі » Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Садыр орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Садыр атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(700)459-40-97
Есепші бөлімі:
+7(700)459-40-97
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "ТОҒЫЗ АЙҒА 9 ІС-ШАРА" тұжырымдамасы бойынша "Шахмат ойнау" челленджі
12
апрель
2024

"ТОҒЫЗ АЙҒА 9 ІС-ШАРА" тұжырымдамасы бойынша "Шахмат ойнау" челленджі

«Алматы облысы білім басқармасының

Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі»

мемлекеттік мекемесі

«Садыр атындағы орта мектеп» КММ өтілген

«Шахмат ойнау» челленджі туралы 

Анықтама 


«Садыр атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекетттік мекемесінде 12-сәуір күні, сағат 12:00 де, «Тоғыз айға 9 іс-шара» тұжырымдамасы аясында жалпы Республикалық“Шахмат ойнау” челленджі өткізілді. 
   Республикалық “Шахмат ойнау” челленджі білім алушылардың зияткерлік қабілеттерін дамыту мақсатында өткізілді.
 Шахматтың тәрбиелік мәні бар: ол тұлғаның қалыптасуына ықпал етеді, логикалық ойлауға және өз іс-әрекетін жоспарлауға үйретеді, зейіннің шоғырлануын дамытады.
 Шахмат – жинақылық, сыни тұрғыдан ойлау, абстрактілі ойлау, есептерді шешу, үлгіні тану, стратегиялық жоспарлау, шығармашылық, талдау, синтез және бағалау сияқты өмір бойы ақыл-ой дағдыларын дамытатын шексіз зияткерлік жаттығулар.
 Міндеттері:    

 білім алушылардың шахмат ойнауға қызығушылығын қалыптастыру;
 
 білім алушылардың сыни және логикалық ойлауын дамыту;
 
 челлендж қатысушылары арасында қарым-қатынасты жақсарту;
 
 еліміздегі білім алушылар арасында шахмат ойынын кеңінен насихаттау.

Шахмат ойнауға 5- 8 сынып оқушылары және мектеп ұжымы қатыстырылды.
 #игравшахматы #қазақстаншахматшылары #шахматойыны #яшахматист