Қызметкерлер құрамына терроризмге қарсы қорғауға оқытуды жүргізу » Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Садыр орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Садыр атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(700)459-40-97
Есепші бөлімі:
+7(700)459-40-97
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қызметкерлер құрамына терроризмге қарсы қорғауға оқытуды жүргізу
28
март
2024

Қызметкерлер құрамына терроризмге қарсы қорғауға оқытуды жүргізу

Хаттама


«Садыр атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

 Қызметкерлер құрамына терроризмге қарсы қорғауға оқытуды жүргізу 

                             28 наурыз 2024 жыл 


Қатысқандар  барлығы  44 адам


Күн тәртібінде:


1. "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі № 416-І Заңына сәйкес "Террористік қатынастарда осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру " тақырыбында қызметкерлер мен оқытушылар құрамын оқыту 


2. "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" 1999 жылғы 13 шілдедегі №416-І Қазақстан Ресрубликасының Заңына сәйкес қызметкерлер мен оқытушылар құрамын "персоналды үй-жайларды қарап-тексеру техникасына оқыту бойынша алдын алу және оқу іс-шараларын жүргізу, жарылғыш құрылғыларды салудың ықтимал орындарын анықтау" тақырыбында оқыту 


Тыңдалды: 

Бірінші мәселе бойынша АӘД пән мұғалімі Тюленов Т.К мектептегі терроризм актісі кезіндегі қауіпсіздік туралы түсіндірді, Қазақстан Республикасында Заң терроризмге қарсы күрестiң құқықтық және ұйымдастырушылық негiздерiн, мемлекеттiк органдардың және меншiк нысандарына қарамастан ұйымдардың қызмет тәртiбiн, сондай-ақ азаматтардың терроризмге қарсы күрестi жүзеге асыруға байланысты құқықтарын, мiндеттерi мен кепiлдiктерiн белгiлейдi.

•     Телефон қоңырауынан қауіп төнгендегі іс-әрекеттер: 

•     1.Түскен хабарламаны құқық қорғау мекемесіне  жеткізу керек.

•     2.Сөздерді толық қатесіз есте сақтап қалу немесе оны қағазға жазып алу керек.

•     3.Сөйлескен кезде мынандай сұрақтарға жауап алуға тырыс: -қайда,кімге қоңырау шалу - қайда, қалай байланысу

•      4.Қоңыраудың қай уақытта шалынғанын есте сақтау.

  • Обьектіні күнделікті айналып өтіп,  қойындысы жарылғыш құрылғыны барлық жерлерден тексеру;
  • әсіресе кез келген материалдан жасалған  сақтау объектілерін, тұрақты тексеру;
  • кадрларды іріктеу мұқият бақылау;

Шешімі

1. Мектеп оқушылары мен мұғалімдерінің қауіпсіздігін сақтау мақсатында кіре берістегі кезекшілік жұмыстары күшейтілсін.