"Әкелер кеңесінің отырысы" бойынша Хаттама №1 » Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Садыр орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Садыр атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(700)459-40-97
Есепші бөлімі:
+7(700)459-40-97
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Әкелер кеңесінің отырысы" бойынша Хаттама №1
15
сентябрь
2023

"Әкелер кеңесінің отырысы" бойынша Хаттама №1


Хаттама №1


«Садыр атындағы орта мектеп КММ»де әжелер 

мектебінің отырысы болып өтті


Қатысқандар:                                                                                          Өтілген күні: 15.09.2023.

Тәрбие ісінің меңгерушісі  А.Т.Ниязова 

Әжелер кеңесінің төрайымы А.Р.Азнабакиева 

Педагог-психолог М.С.Умиржанова

Ата-аналар.

                                                           Күн тәртібінде:


  1. Әжелер кеңесінің құрамын сайлау және ережемен танысу. 

                        Тәрбие ісінің меңгерушісі А.Т.Ниязова 

  1. Әжелер кеңесінің жұмыс жоспарын  таныстыру. 

              Әкелер кеңесінің төрағасы К.Ф.Айсаев

     3.    Әр түрлі мәселелер.


Тыңдалды:

        Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Т.Ниязова сөз алып, бүгінгі жиналыста қаралатын мәселелермен таныстырып өтті. Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу және балалардың қадағалаусыз және қараусыз жүруінің алдын алу жұмыстарын нығайту мақсатында, жанұялық құндылықтарды күшейту, бала тәрбиесіндегі ата-аналар қауымдастығының, әжелер жауапкершілігін арттыру мақсатында  мектебімізде әжелер кеңесін құрылған болатын.  Мақсаты әжелердің отбасындағы қыз бала тәрбиесіндегі ролін арттыру, ұстаз, ата-ана және оқушы арасындағы байланысты нығайту. Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықты болдырмауға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру. Жаңа 2023-2024оқу жылында әжелер кеңесі мүшелерінде өзгерістер бар.

Әжелер кеңесінің құрамы төмендегідей:Төрайымы: Р.А.Кадырова , «Әжелер кеңесінің» мүшелері: Исраилова А.,Курбанова Р., Ахметова А.,Ниязова А.  болып сайланды

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша әжелер кеңесінің төрайымы Р.А.Кадырова сөз сөйледі. Кеңес төрайымы Әжелер кеңесінің жұмыс жоспарын  таныстырып, жаңа сайланған кеңес мүшелерін белсене ат салысуға шақырды.

     «Әсем» қыздар төрайымы А.Азнабакиева өз сөзінде қыз балаларға қазақ отбасында әсіресе қыз бала тәрбиесіне ерекше мән бергендіктерін, қыз баласын мәпелеп өсірген және қатал ұстап оның тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп қарағандығын айтты. Қыз бойына ең бірінші қызға тән қасиетті сіңіретін анасы екендігін, сондықтан анаға жақын болу керектігін, анасынан сыр жасырмау керектігін айтып өтті. Яғни өнегелі, өнерлі, иманды етіп тәрбиелеу қазіргі отбасына міндет екендігін айтып, әжелер алқасымен бірлесе жұмыс атқарайық деген ұсынысын айтты. 

        Қорытынды сөз кезегін директордың тәрбие ісі жөніндегі А.Т.Ниязова  алып, «Ел боламын десең – бесігіңді түзе» деген, ел сенімін ақтап, болашақ ана болар, тәуелсіз еліміздің болашағын алға апарар білімді, тәрбиелі, инабатты, сыпайы әдепті қыз бала тәрбиелеу парызымыз деп сөзін қорытындылады.

                                                           Қаулы етті:


1. «Әжелер кеңесінің» 2023-2024  оқу жылына арналған жұмыс жоспары бекітілсін;

2. «Әжелер кеңесінің» жұмысы жоспарға сай  жүйелі түрде жұмыс жүргізілсін;