2023-2024 оқу жылындағы 2-тоқсан бойынша тәрбие жұмысын талдау » Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Садыр орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Садыр атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(700)459-40-97
Есепші бөлімі:
+7(700)459-40-97
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2023-2024 оқу жылындағы 2-тоқсан бойынша тәрбие жұмысын талдау
03
ноябрь
2023

2023-2024 оқу жылындағы 2-тоқсан бойынша тәрбие жұмысын талдау

«Садыр атындағы орта мектеп» бойынша

2023-2024 оқу жылындағы 2-тоқсан бойынша тәрбие жұмысын талдау


  2023-2024 оқу жылындағы  тәрбие мазмұнын айқындауда әзірленген «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» бойынша тәрбие жұмысының жоспары Қазақстан Республикасы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздеріне сәйкес жоспар бойынша іс-шаралар өткізілді. 

2023-2024 оқу жылындығы тәрбиенің мақсаты мен міндеттері: 

Құндылықтар:

ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ. 

АР-ҰЯТ. 

ТАЛАП. 

Мектептің стратегиялық мақсаты:Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын, өмірлік дағдыларын қалыптастыруға қажетті ресурстарды жетілдіру. 

Тәрбиедегі стратегиялық міндеттері: 

1. Оқушыға қамқорлық пен құрмет көрсету, сенім арту, кемсітуге жол бермеу; 

2. Білім алушылардың үйлесімді дамуы үшін эмоционалды-интеллектуалды орта құру; 

3. Ата-аналармен, қоғаммен, сыртқы ортамен тиімді коммуникация орнату; 

4. Ұлттық құндылықтар негізінде жаһандық жаңалықтарға үлес қосатын патриот азаматтар қалыптастыруға бағытталған тәрбие кеңістігін қалыптастыру; 

Тәрбие мақсаты: Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген ұрпақ тәрбиелеу. 

Міндеттері: 

1. Ата ананың өсиетін тыңдауға,отбасы татулығы мен берекесін қадірлеуге,перзенттік парызын өтеуге тәрбиелеу. 

2. Ұлттық мұраны қастерлеуге, қазақ тілін,мемелекеттік рәміздерді құрметтеуге, татулық, келсім, ынтымақ және ел бірлігін сақтауға отаншылдық пен мемелекетшілдікке тәрбиелеу. 3. Жақсылыққа игілікке бой түзеуге абыройлы болуға ар ұждан намыс,жауапкершілік мейірімділік қамқорлық пен әділдік қасиеттерін жоғары ұстауға баулу және құқықтық мәдениетін қалыптастыру. 

4. Денсаулықты қадірлеуге,салауатты өмір салтын ұстануға ойдың тазалығын және эмоцияионалды тұрақтылыққа баулу 

5. Табиағтқа,табиғи мұраға ұқыптылықпен қарауға және табиғи ресурстарды үнемді әрі тиімді қолдануға тәрбиелеу және еңбекқорлыққа 


  Тәрбие жұмысының жоспарын құруда және жоғарыда айтылған бағыттарды іске асыруда аталмыш құжаттар қолданылады: «БҰҰ балалар құқығын қорғау конвенциясы», «Білім туралы заңы», «Мемлекеттік жастар саясаты туралы», « Кәмелетке толмаған балалар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын -алу  туралы», «Есірткілік және басқа зиянды заттарды қолданудың алдын- алу» заңдары.    


  Күзгі демалыс уақтында мектеп оқушылары спорттық жарыстарға қатысты. Әмбебап күрестен Умаров Мансур 2-орын, Маметбакиева Аиша 2-орын іеленді. Спортпен шұғылдануды насихаттау мақсатында өтілген жарыста Ашуров Дамир марапатталанды. 


 

2023 жылдың 14 қараша күні 7-11 сынып оқушыларына «Дәстүрлі дін түсінігі» тақырыбында іс-шара өтілді. Ақпараттық түсіндіру жұмыстарын Абай атындағы Қазақ ҰПУ институтының аға оқутышысы, Алматы облыстық АТТ мүшесі Сейтказиев Руслан Өмірзағұлы жүргізді. 

 

  15-қараша «Ұлттық валюта күніне» орай сынып сағаттар өткізілді.  

 

 «Алматы облыстық білім басқармасының Еңбекшіқазақ  ауданы бойынша білім бөлімі «Садыр атындағы орта мектеп» КММ де 17 қараша күні «АСЫҚ АТУ» челленджі өткізілді. 

 

  Елімізде Тұңғыш рет өткізіліп отырған Ауыл олимпиадасы басталды. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылдың 12 қазандағы №307 бұйрығына сәйкес ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республика көлемінде ауыл мектептерінің олимпиадасы   тұңғыш рет ағымдағы жылдың 20-30 қараша күндері аралығында өтеді

•Олимпиаданың ашылу салтанаты республика бойынша сағат 9.30 да басталады.

•Олимпиада мақсаты – Қазақстан Республикасының ауылдық жерлеріндегі мектеп оқушыларының дарындылығы мен қабілеттерін анықтау және қолдау үшін оңтайлы жағдай жасау, неғұрлым академиялық қабілетті оқушыларды іріктеу, олардың одан әрі зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдарлануы айқындау болып табылады #darynkz

 

  Мектеп психологтары Умиржанова М.С, Азнабакиева А.Р 7-сынып оқушыларына «Жасөспірімдер арасында буллингті алдын алу» тақырыбында профилактикалық жұмысын, 5- сынып оқушыларына «Қатегездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балаық шақ» тақырыбында тренинг өткізілді. 


 

17-қараша күні 9-11 сыныптар арасында «Күзгі балл» іс-шара өткізілді. Іс-шараға 9-11 сынып оқушылары қатысты. «Күзгі балды» 9-сынып оқушылары мен сынып жетекшілері ұйымдастырды.  Әр сыныптан «Күз ханшайымы мен патшасы» таңдалып, өз ара әр түрлі сайыстан жарысты. Сайысқа 10 «Б» , 9 «Б», 9 «Ә», 9 «А» жүбі  қатысты. 


      Бірінші сайыс «Өзін таныстыру». Қатысушылар ән шуақтармен, қызықты өлеңдермен өздерін таныстырды. 

      Екінші сайыс таланты көрсету. 9 «А», 10 « Б» сынып оқушылары Күзгі вальсты біледі. 9 «Б» сынып оқушылары   замануи флешмоб біледі. 9 «Ә» сынып оқушылары  «Күлбикеш» көрінісін қойды.  

 


Мектепке жол акциясына қатысу аясында Баратова Шахназға Андрей Петрович Шнайдер тарапынан ұялы телефон сыйлыққа берілді. 

 

1-4 сынып оқушылары арасында «Бақытты балалық шақ» атты сурет байқауы өткізілді. 

 

20-қараша күні «Қазақ тілі және әдебиет» пәні бойынша декада ашылуы өткізілді. 

 

1-желтоқсан күні «Орыс тілі және әдебиет және ағылшын тілі пән әдістемілік бірлестігінің онкүндінің ашылуы өтті. 

 



2023жылдың желтоқсан айының 1 күні 10-11 сынып оқушылары арасында өткен «Алтын түлек»олимпиадасының аудандық кезеңіне қатысқан «Садыр атындағы орта мектеп» КММ-нің 10 «Ә» сынып оқушысы Анварова Аделят, 11 «А» сынып оқушысы Бахыт Дарига III орынды  иеленді #алтынтүлек #зерделі

 


2023 жылдың 4 желтоқсанындада орыс тілі және әдебиет және ағылшын тілі пәндері онкүндігі аясында Баратова С.К “Каждый стих мне душу лечит” атты әдеби кеш өткізді.  Іс-шараның мақсаты: шығармалар арқылы оқушы бойында адамгершілік, сүйіспеншілік қасиеттерін, сезімдерін қалыптастыру, бір бірін бағалай білуге тәрбиелеу. 

 

  «Балалр-медиа-қауыпсыздік» ұйымдастыру жол картасы бойынша сынып сағаттар өткізілді. 

 

  «Қызылша ауыруның алдын алу» профилактикасын өткізу мақсатында 1-11 сынып оқушыларына сынып сағаттар өткізілді. 

 

   “Оқуға құштар мектеп ” жобасы бойынша  “Қоянның үйі” атты көрінісі 2 “Ә” сынып оқушылары  Сынып жетекшісі: Заитова Г.Т

 

16- желтоқсан Тәеуелсіздік күніне орай Тәуелсіздік күні іс-шаралар жоспарлары құрылды. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні» сынып сағаттар өткізілді. «Тоғыз айға 9 іс-шара» тұжырымдамасы бойынша  «Шығарма жазу: болашаққа хат» челлендж өткізілді. Түнгі рейд жұмыстары кесте бойынша кезектілермен өткізілді.

13.12.2023 жылы сағат 12.00  «Тоғыз айға 9 іс-шара» тұжырымдамасы бойынша        «Шығарма жазу: болашаққа хат» челлендж өткізілді. 

16.12.2023-18.12.2023 мереке күндері кезекшілік бойынша мектеп ұжымы түнгі рейд жұмыстарын жүргізді

  


“Алматы облыстық білім басқармасының “Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі “Садыр атындағы орта мектеп” КММ-де 13 -желтоқсан “Шығарма жазу: болашаққа хат”челленджі өткізілді.   Мақсаты: 

✅Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту 

✅Өз ойларын қағаз бетіне жүйелі жазып жеткізу дағдыларын жетілдіру 

✅ Білім алушылардың өзін-өзі дамыту және сыни ойлау дағдыларын жетілдіру  #моеписьмо #моебудущее #шығармажазу

  7 «Б» сынып оқушысы Маликова Мукарям 1 дәрежелі Республикалық «Бояулар құпиясы»конкурсында диплом мен марапаталанды. 

 


    Жаңа жыл мерекесіне орай сынып сағаттар, жаңа жыл шыршасы, мектепке жол акциясы өткізілді. 28.12.2023-29.12.2023 күндері адын ала түзілген график бойынша 1-11 сынып оқушыларына жаңа жылдық шыршасы өткізілді. Балақайларға қонаққа ертегі кейіпкерлері ретінде 11-сынып оқушылары : Круэлла, Барби, Дурило, Гарри Поттер, Гермиона, Аяз Ата мен қар сұлуы кейіпкерлеріне киініп , керемет көңіл-күй сыйлады. Балалар қызықты «Пима» ойынын ойнап, тақпақ, өлең айтып, би биледі. Іс-шара соңында балалар Аяз Ата мен Ақшақарға тақпақ айтып, сыйлық алды. 


 


Мектепке жол акциясы бойынша жаңа жыл мерекесіне орай “Садыр атындағы орта мектебінде” қайырымдылық акциясы өтті. Жаңа жылдық сыйлықтарды 1-сыныптар мен әлеуметтік санатқа жататын оқушылар алды. Бурханов Даутжан Аутовичті еске алу мақсатында қайрымдылық шарасын ұйымдастырған “Дружба” аулының кәсіпкерлері Рустам мен Лейлаға, Сеитова Р.К, Тохнахунов А.Ю, Бирбаева С.С  алғысымызды білдіреміз. 


 

 


1 тоқсан қорытынды :

1)Кәмелетке толмағандар арасындағы орын алған қылмыстық әрекетер   жоқ

2) Кәмелетке толмағандар арасындағы орын алған оқыс оқиғалар жоқ

3) Сәтсіз отбасы балалары жоқ

4) Девиантты мінез-құлықты балаларға арналған ерекше немесе арнайы білім беру мекемелеріндегі балалар жоқ

5) Кәмелетке толмағандар арасында өзіне-өзі қол жұмсауға ұмтылған және аяқталған суицид балалар жоқ

6) Ішкі істер бөлімінде есепте тұрған балалар мен жасөспірімдер жоқ

Тәрбие жұмысы істері қанағаттарлық деп есептелді