Хабарландыру » Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Садыр орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Садыр атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(700)459-40-97
Есепші бөлімі:
+7(700)459-40-97
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Хабарландыру
08
сентябрь
2023

Хабарландыру

Хабарландыру

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 ( ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 01.03.2023 № 56 қа 2-қосымшамен толықтыру енгізілген) бұйрығына сәйкес «Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Садыр атындағы орта мектеп» КММ бойынша Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыруға өкілдерін сайлау конкурсын жариялайды
Үміткерлер Қамқоршылық кеңесті сайлау және оның құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау туралы хабарламада көрсетілген мерзімде Комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтінім (еркін түрде);
2) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) қазақ немесе орыс тілдеріндегі түйіндеме;
4) білімі бар екендігі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);
5) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жоқтығын растайтын құжаттар.
Үміткерлер өздерінің кәсіби (немесе) қоғамдық қызметі туралы қосымша мәліметтер ұсынады.
Қамқоршылық кеңестің функциялары
Білім беру ұйымының Қамқоршылық кеңесі:
1) білім беру ұйымын дамытудың басым бағыттары бойынша ұсынымдарды келіседі;
2) тиісті саланың уәкілетті органына немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органға Қамқоршылық кеңес анықтаған білім беру ұйымының жұмысындағы кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар енгізеді;
3) білім беру ұйымының бюджетін қалыптастыру кезінде ұсыныстар әзірлейді;
4) білім беру ұйымның жарғысы мен ішкі тәртіп ережелеріне өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізуді келіседі;
5) білім беру ұйымы таңдаған оқу жылының басталуы мен аяқталуының баламалы мерзімдерін келіседі;
6) білім беру ұйымының эксперименттік білім беру бағдарламаларын келіседі;
7) тиісті деңгейдегі уәкілетті органның аттестаттау комиссиясына біліктілік санатын беруге (растауға) кезекті аттестаттаудан өтуге оның жұмысының қорытындылары бойынша білім беру ұйымының басшысына ұсыным хат ұсынады;
8) білім беру ұйымына қайырымдылық көмек түрінде түскен қаржы қаражатын бөлу жөнінде келіседі және хаттамалық шешім шығарады, оның нысаналы жұмсалуы туралы, демеушілік, қайырымдылық және өзге де көмекті пайдалану бағыттарын, нысандарын, мөлшері мен тәртібін таңдау жөнінде шешім қабылдайды;
9) жыл ішінде "Балдәурен" республикалық оқу-сауықтыру орталығына және "Бөбек" ұлттық ғылыми-тәжірибелік, оқу және сауықтыру орталығына жіберілген білім алушыларға үміткерлердің тізімдерін келіседі;
10) білім алушылардың, ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің құқықтары мен бостандықтарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады, олардың құқықтарын қорғауға, білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және оларды физикалық, психикалық және өзге де зорлық-зомбылық пен кемсітушіліктен қорғауға жәрдемдеседі;
11) санитарлық-гигиеналық жағдайлардың сақталуына, тамақ өнімдерінің сапасына, ішу режиміне, іргелес аумақтың жай-күйіне қоғамдық бақылауды жүзеге асырады;
12) білім беру ұйымы басшысының білім беру ұйымының қызметі туралы есептерін жылына кемінде 2 (екі) рет тыңдайды;
13) қиын өмірлік жағдайдағы білім алушыларға қолдау көрсету және материалдық-техникалық базаны нығайту үшін білім беру ұйымдарының шотына түскен демеушілік қаражаттың жұмсалуын бақылайды;
14) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына жататын отбасылардан шаққан білім алушыларға көмек көрсетудi ұйымдастыруға жәрдемдеседi, жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, ерекше бiлiм алуды қажет ететiн балаларды, дарынды балаларды қолдау шараларын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;
15) білім беру ұйымының әкімшілігіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жүргізуге жәрдемдеседі;
16) білім алушылардан және ата-аналардан немесе өзге де заңды өкілдерден жасырын сұрау арқылы білім беру ұйымындағы білім алушылардың оқу жағдайларына қанағаттану дәрежесіне оқу жылы ішінде 1 (бір) рет мониторинг жүргізеді;
17) ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың білім беру ұйымдарының мүдделері бойынша үйірмелерде және спорт секцияларында жұмыспен қамтылуына жылына 1 (бір) рет мониторинг жүргізеді;
18) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу процесіне мониторинг жүргізеді;
19) педагогикалық ұжымға білім алушылардың отбасыларымен жұмысты жүзеге асыруға жәрдемдеседі, білім беру ұйымының әкімшілігімен бірлесіп, жалпы ата-аналар жиналысын өткізеді;
20) білім беру ұйымының әкімшілігіне білім алушылар арасында құқық бұзушылықтың, нашақорлықтың, алкоголизмнің, темекі шегудің, қаңғыбастықтың, қайыршылықтың, қорлаудың, ойынға құмарлықтың алдын алуда жәрдемдеседі;
21) оқушылар арасында тәртіпті нығайтуға және мұғалімдер, білім алушылар, ата-аналар немесе өзге де заңды өкілдер арасында туындаған жанжалдарды шешуге көмектеседі;
22) білім беру ұйымының қызметі бойынша мәдени-сауықтыру іс-шараларын, конференцияларын, кеңестерін, семинарларын өткізуге ықпал етеді;
23) Қамқоршылық кеңестің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заң және нормативтік құқықтық актілер жобаларын қоғамдық талқылауға қатысады.
Бақылау барысында анықталған бұзушылықтар кезектен тыс отырыстың қарауына шығарады.
15. Қамқоршылық кеңестің қызметі оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

Үміткерлерден құжаттарды қабылдау хабарлама білім беру ұйымының Интернет-ресурсында және (немесе) әлеуметтік желілердің ресми аккаунттарында жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде , яғни, 2023 жылғы 01 мен 10 қыркүйек аралығында «Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Садыр атындағы орта мектеп» КММ –де қабылданады (Амангелді ауылы, А.Ушуров көшесі, №7 үй).
Конкурстың өтетін күні мен уақыты құжат тапсырушы үміткерлерге жеке хабарланатын болады.
Қосымша мәліметтерді 872775-25324 телефон нөміріне хабарласып немесе schkolasadira2016@mail.ru электронды поштасына хат жазу арқылы іс-жүргізуші Г.Д.Сеитовадан білуге болады.

Похожие публикации:

08 сентябрь 2023 Хабарландыру
29 август 2023 Хабарландыру
18 август 2023 Хабарландыру
16 август 2022 хабарландыру
02 август 2022 Хабарландыру